Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 2 наурыздағы № 59 бұйрығы
Осы редакция 2023 жылғы 12 мамырда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 62-бабына және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму жоспары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.
2. «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2020-2024 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 21 қарашадағы № 466 бұйрығының күші жойылсын.
3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Стратегия департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аппаратының басшысына жүктелсін.
5. Осы бұйрық оған қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министрдің міндетін атқарушы | Е. Оспан |
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
______________________
2023 жылғы «___» ________
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
______________________
2023 жылғы «___» ________
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушының
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 59 бұйрығымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің 2023-2027 жылдарға арналған даму
жоспары
1-бөлім. Миссиясы мен пайымы
Миссиясы: біз білім беру сапасын арттыру және тең қолжетімділікті қамтамасыз ету арқылы қатысушылардың үлгеріміне және олардың жаһандық бәсекеге қабілеттілікке даярлығына ықпал ететін барлық жағдайларды жасағымыз келеді. Сапалы білім мен тәрбиені қамтамасыз ету үшін біз бір топ ретінде қоғаммен бірге және қоғаммен серіктестікте жұмыс жасаймыз.